Кітапхана меңгерушісі Тулегенова Айнур Уразхановна
Кітапхананың жұмыс кестесі:
Дүйсенбі - Жұма 09:00 - 18:00
Түскі үзіліс: 13:00 - 14:00
Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана.
Қазіргі таңда жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі- кітапхана. Егемен еліміздің ертеңі болар жас ұрпақтың білімін кеңейтіп,біліктілігін арттыруда колледж кітапханасы да рухани қазына болып табылады. Кітапхана оқырман үшін үлкен тәрбие мектебі, сансыз сұрақтардың жауабын табуға болатын сиқырлы да киелі орда. Кітап – уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі, қоғамның мәдени күштерін дамытудың қуатты құралы, қайнар бұлағы. Ақтау қаласы білім басқармасы «Асмет Ұлас педагогика және қызмет көрсету инновациялық колледж» кітапханасы осы оқу орнының дамуымен бірге дамып келеді. Кітапхананың жалпы көлемі 49.9 кв м. Кітапхана қорын сақтау орны 20 квм.
Кітапхана міндеті:
Оқырмандарға сапалы да жылдам қызмет көрсету колледж кітапханашыларының
басты міндеті. Кітаптарға техникалық өңдеу жүргізу, қорды реттеп ұйымдастыру,
оқырмандардың қажеттіктеріне сәйкес құжаттар қорын түзіп, дәстүрлі және қазіргі
ақпарат көздерінде мемлекеттік және басқа тілдерде сақтау.
Оқырманға абонементте, оқу залында, электронды оқу залында қызмет көрсетуді
ұйымдастырады. Қазіргі кезде колледждің кітапхана қоры барлық саланы қамтыған.
Кітапхана қоры 14716 дананы құрайды. Оқулықтар 7605–дана, көркем әдебиет 2066–дана, оқу әдістемеліктер 902 – дана. Электронды оқу
құралдары 947-дана. Оқу-әдістемелік құралдар, әдебиеттер, анықтамалық –
библиографиялық құралдар, энциклопедиялар, сөздіктер, әртүрлі басылымдар,
көркем әдебиеттер, мерзімді басылымдардың үлкен көлемі. Кітапхана қоры Фолиант,
Алматы «Мектеп», «Альманах» «Атамұра», «Арман ПВ», «Көкжиек»,
«ЛантерBOOKS» т.б баспалар арқылы толықтырылады. Аталған баспалар колледжге
келіп кітап көрмесін жасап, жаңа кітаптармен танысу арқылы жыл сайын жаңа
кітаптарға тапсырыс беріліп отырады.
Кітаптарды насихаттау жұмысы түрлі жолмен жүргізіледі. Колледж кітапханашылары жаңа түскен студенттерге «Кітапхана ережесі», «Кітапханаға саяхат»т.б тақырыптарға әңгіме өткізеді. Мысалы: Оқырман конференциясы, әдеби-сазды кештер, кездесу кеші, көрмелер, жаңа кітаптарға шолулар және басқа да іс-шаралар. Ақтау қаласындағы «Асмет Ұлас педагогика және қызмет көрсету инновациялық колледж» кітапхана меңгерушісі: Тулегенова Айнур Уразхановна
Абонемент
Абонемент оқырмандарды кітапханадан тыс жерлерде пайдалану үшін
оқулықтармен, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ғылыми әдебиеттермен
қамтамасыз етеді.
Кітапхана абонементінің атқаратын қызмет бағыттары:
– оқырмандарды тіркеу және қайта тіркеу үрдісін ұйымдастыру;
– оқытушыларға, студенттерге және колледж қызметкерлеріне тиімді, оңтайлы,
жедел және сапалы қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
– қорды қосымша толықтыру және оқырман сұранысын толық қанағаттандыру
мақсатында кітаппен қамтамасыз етілуін және оқылуын талдау;
– қанағаттандырылмаған сұраныспен және қарыз оқырмандармен жұмыс;
– оқырманға ақпарат таңдауда консультациялық көмек көрсету.
Оқу залы
Колледж студенттерінің білім алу барысында жан-жақты дайындалуына мүмкіндік
береді. Оқу залдарының кітап қорында барлық сала бойынша әдебиеттер мен
мерзімді басылымдар жинақталған.
Оқу залының атқаратын қызмет бағыттары:
– пайдаланушыларға жеке және топтық кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету;
– ақпараттық ізденіс бойынша кеңестер беру;
– оқу залынан берілген құжаттарға бақылау жасау;
– анықтамалық-ақпараттық тапсырыстарды орындау;
– ашық көрмелік іс-шараларын өткізу.
Оқу залында оқытушылар мен оқушылар басылымдардың жаңалықтарымен танысып,
реферат дайындап, кітапханашылардан кеңес алып отырады.
Мерзімді басылымдар
Кітапхана газет пен журналдардың 14 түріне жазылады, соның ішінде мемлекеттік тілде 8 түрі бар. Олар: «Білімді Ел», «Методист организации образования-Білім беру ұйымының әдіскері», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Маңғыстау», «Огни Мангистау», «Жантану мәселелері-Вопросы психологии», «Колледж кәсіптік білім», және т.б.; педагогикалық басылымдар: «Білім шыңы-ғылым сыры», «Жемқорлықпен күрес», «Қала мен дала» және т.б.; қоғамдық-саяси басылымдар: «Казахстанская правда» және т.б.
Электрондық оқу залы
Оқытушылар мен студенттерге жүйелі түрде ақпараттық-библиографиялық қызмет
көрсетеді. Электрондық оқу залы 5 компьютер, кітап сканері, ксерокспен
жабдықталған. Электронды оқу басылымдарымен кітапхананың қоры толықтырылып
отыр. Электрондық оқу залының мақсаты кітапхана қызметінде жаңа технологияларды
пайдалана отырып, оқырмандарға жоғары деңгейде қызмет көрсету. Бұл электрондық
ақпаратпен жұмыс істеу, интернет ресурстарын жүйелеу, түрлі электрондық
қызметтер көрсету және бөлімнің электрондық түрдегі қорын байыту. Электрондық
оқу залында кітапхана оқырмандары электронды сөздіктерді, оқулықтарды,
энциклопедияларды, CD-ROM-дар мен DVD-да бар ақпараттарды пайдалануларына
болады.
Сіздерге әрқашанда жаңа технологиялармен жұмыс істеуге кітапханашылар
көмектерін көрсетуге дайын. Біз оқырмандарға уақыт талабына сай қызмет
көрсетуге тырысамыз және де сіздердің лебіздеріңізді әрқашанда ықыласымызға
аламыз!