Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 14
сәуірдегі
№ 200
бұйрығына
2-қосымша
«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
1. Жалпы ережелер
1. «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін
қызмет).
2. Мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік
қызметті жатақханасы бар техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (бұдан
әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау
және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті
берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады
1) техникалық және
кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылар (бұдан әрі - көрсетілетін
қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған
сәттен бастап – 10 жұмыс күні;
2) көрсетілетін
қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең
ұзақ уақыты – 15 минут;
3) көрсетілетін
қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
5. Мемлекеттік қызмет
көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет
көрсету нәтижесі – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім
алушыларға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға
сәйкес нысан бойынша жатақхана беру туралы жолдама.
Мемлекеттік қызмет
көрсету нәтижелерін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет
тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін
қызметті берушінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына
сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбіні қоса
алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден
18.30-ға дейін.
Алдын ала жазу және
жедел қызмет көрсету көзделмеген.
9. Көрсетілетін
қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік
қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы
стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйым басшысының атына
жатақханадан орын беру туралы өтініш;
2) отбасы болған
жағдайда, отбасының құрамы туралы анықтама;
3) ата-анасының
(ата-аналарының) қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі (жетім балалар үшін);
4) отбасында 4 немесе
одан да көп баланың болуы туралы анықтама (көпбалалы отбасылардан шыққан
балалар үшін);
5) Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 1
сәуірдегі № 142-І бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеу тізілімінде № 9377 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша
мүгедектігін растау туралы анықтама;
6) мемлекеттік атаулы
әлеуметтік көмек алу үшін құқықты растау туралы анықтама немесе жан басына
шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар
үшін атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жоқтығы туралы анықтама;
7) жеке басын
куәландыратын құжат (салыстыру үшін).
Құжаттардың
қабылданғанын растау құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, сондай-ақ
мөртаңба, кіріс нөмірі және күні көрсетіле отырып, қолхат беру болып табылады.
мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай
бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына;
осы мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай
бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының, сондай-ақ республикалық
маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)
жергілікті атқарушы органы басшысының атына беріледі.
Шағымды қабылдаған
адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны
көрсетіліп, Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі
(мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Министрліктің,
көрсетілетін қызметті берушінің, жергілікті атқарушы органның мекенжайына келіп
түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері
бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Көрсетілген
мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті
алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі
уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет
көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына
келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он
бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
11. Көрсетілген
мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті
алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа
жүгінуге құқылы.
1) Министрліктің
интернет-ресурсында: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, www.edu.gov.kz;
e-mail:
pressa@edu.gov.kz;
2) осы мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген тізімге сәйкес
жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында орналастырылған.
13. Көрсетілетін
қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы
ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің
мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтері,
мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы
арқылы алуға мүмкіндігі бар.
14. Көрсетілетін
қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама
қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz.
интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері
жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
"Техникалық және кәсіптік білім беру
ұйымдарында
білім алушыларға
жатақхана
беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
нысан
білім
алушыларға жатақханалар беру туралы жолдама
_____________________________________________________________________
(техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының атауы
және мекенжайы)
Азамат (-ша)
________________________________________________________
/тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
№ ___жатақханаға орналасуға жіберемін.
Жатақхананың мекенжайы ______________________________________________
20___ ж. «____» _________ cағатта ___ келуді ұсынамын.
Директор __________
(қолы)
20___ ж. «____» _________
М.О.
«Техникалық және кәсіптік білім беру
ұйымдарында
білім алушыларға
жатақхана
беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
Нысан
______________________________
директоры
_________________________________________
(оқу орны директорының Т.А.Ә. (бар болса)
_______________________ мамандығы бойынша
_________________________________ тобының
студенті ________________________________
Т.А.Ә. (бар болса)
Маған жатақханадан бір орын бөлуіңізді сұраймын.
Келу
орны____________________________________________________________
20 ж. « » _______ /қолы/
«Техникалық және
кәсіптік
білім беру ұйымдарында білім
алушыларға
жатақхана беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша
№ |
Өңірдің атауы |
Телефон |
Мекен-жайы |
Сайт |
1. |
Ақмола облысы |
8(7162)401402 |
020000, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89А |
www.akmo.kz |
2. |
Ақтөбе облысы |
8(7132)560474 |
030010, Ақтөбе қаласы, Әбылқайыр хан көшесі, 40 |
www.akto.kz |
3. |
Атырау облысы |
8(7122)354965 |
060010, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 |
www.atyrauobl.kz |
4. |
Алматы облысы |
8(7282)272731 |
040000, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26 |
www. almaty-reg.kz |
5. |
Шығыс Қазақстан облысы |
8(7232)570151 |
070019, Өскемен қаласы, К.Либкнехт көшесі, 19 |
www. akimvko.gov.kz |
6. |
Жамбыл облысы |
8(7262)431552 |
080008, Тараз қаласы, |
www. zhambyl.kz |
7. |
Батыс Қазақстан облысы |
8(7112)260468 |
090000, Орал қаласы, |
www.western.kz |
8. |
Қарағанды облысы |
8(7212)425443 |
100012, Қарағанды қаласы, Әлихан көшесі, 19 |
www.karaganda-region.kz |
9. |
Қызылорда облысы |
8(7242)272934 |
120003, Қызылорда қаласы, Абай көшесі, 48 |
www.kyzylorda.kz |
10. |
Қостанай облысы |
8(7142)575310 |
110000, Қостанай қаласы, Әл-Фараби көшесі, 56 |
www.kostanay.kz |
11. |
Маңғыстау облысы |
8(7292)435100 |
130000, Ақтау қаласы, 13 шағын ауд. 47-ғимарат |
www.mangystau.kz |
12. |
Павлодар облысы |
8(7182)320965 |
140009, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32 |
www.pavlodar.kz |
13. |
Солтүстік Қазақстан облысы |
8(7152)463288 |
150011, г. Петропавл қаласы, Конституция көшесі, 58 |
www. akimat-sko.kz |
14. |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
8(7252)563247 |
160007, Шымкент қаласы, Республика даңғылы, 12 А |
www. ontustik.gov.kz |
15. |
Астана қаласы |
8(7172)556851 |
010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 |
www.astana.kz |
16. |
Алматы қаласы |
8(727)2716509 |
050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4 |
www.almaty.kz |
20 ақпан 2024
Жатақхана келісім шарты
...
16 ақпан 2024
Шағым түсіру тәртібі
Шағымдар жазбаша почта арқылы немесе электрондық түрде не осы порталдың “мекен-жайлар” бөлімінде көрсетілген мекен-жайлар бойынша қызмет көрсетушінің басшысының немесе Министрлік атына кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар...
16 ақпан 2024
Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 бұйрығына 2-қосымша «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 1. Жалпы ережелер 1....
16 ақпан 2024
Жатақхана
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру Қызмет көрсетілетін орын Мемлекеттік қызметті жатақханасы бар техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)...
16 ақпан 2024
«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы «29» шілдедегі № 219 қаулысымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға...