kzruen

Қадырбаева Ұлдай Қуандыққызы

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 34-43-27

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 17 ш/а, 88 ғ.

Директордың ата-аналарды қабылдау уақыты: Әр дуйсенбі 10:00 -12:00

kzruen
Мобилді нұсқа

«Асмет Ұлас» жоғары педагогикалық колледжі» мекемесі

Қабылдау ережелері

Қабылдау ережелері

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау

Қызмет көрсетілетін орын

Мемлекеттік қызметті техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындары(бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді
қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

Қызметті алушылар

Жеке тұлғалар

Қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1)мыналарға
түсетін көрсетілетін қызметті алушылар үшін көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап:
-күндізгі
оқу нысанына – 20 маусым мен 20 тамыз аралығында;
-сырттай (кешкі) оқу
нысанына – 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында;
2)көрсетілетін
қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) қызмет
көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

Қажетті құжаттар

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) қабылдау
туралы еркін нысандағы өтініш;
2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
3) 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;
4)Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының  2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығы мен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) флюро суреті қоса берілген 086-У нысанындағы медициналық анықтама (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы);
5) ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификаты (бар болса);
6) жеке басын куәландыратын құжат(тұлғаны салыстыру үшін).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушылар – шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаты;
2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
3) босқын – босқын куәлігі;
4) пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
5) оралман – оралман куәлігі.
Көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:
1) тапсырылған құжаттардың тізбесі;
2) құжаттарды қабылдап алған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, сондай-ақ байланыс деректері көрсетіледі.

Қызметтің құны

Тегін

Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнына құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат болып табылады.

Шағымдану тәртібі

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым жазбаша түрде:
-осы мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекен-жай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына;
-осы мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекен-жайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, сондай-ақ республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) басшысының атына беріледі.
Шағымды
қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін
қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің Министрліктің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген
мемлекеттік қызмет нәтижелері мен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік
қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күніішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген
мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

Өзге талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында:
1) 01000, Астана қаласы, Орынборкөшесі, 8
телефон: +7 (7172)742-425
e-mail: pressa@edu.gov.kz.
2) мемлекеттік
қызмет көрсету стандартына 2-қосымшада көрсетілген тізімге сәйкес ЖАО-ның интернет-ресурстарында орналастырылған.
Көрсетілетін
қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпараттық ашықтықтан қолжеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметі, мемлекеттік қызметтер  бар.
Мемлекеттік
қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

 





16 ақпан 2024

2023-2024 оқу жылында оқуға қабылдау қағидалары

...

16 ақпан 2024

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы. ЗҚАИ-ның ескертпесі! Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 31-баптан қараңыз. Қолданушылар назарына! Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін ЗҚАИ мазмұнды жасады. МАЗМҰНЫ ...

16 ақпан 2024

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы  «14» сәуірдегі № 200бұйрығына 1-қосымша   «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер  1. «Техникалық және кәсіптік, орта...

16 ақпан 2024

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы «29»шілдедегі №219 қаулысымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер 1. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен...

16 ақпан 2024

Талапкерлерді қабылдау ережелері

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау Қызмет көрсетілетін орын Мемлекеттік қызметті техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындары(бұдан әрі – көрсетілетін...

15 ақпан 2024

Регламент

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы «29»шілдедегі №219 қаулысымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер 1. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен...

15 ақпан 2024

Қабылдау ережелері

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау Қызмет көрсетілетін орын Мемлекеттік қызметті техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындары(бұдан әрі – көрсетілетін...

Қадырбаева Ұлдай Қуандыққызы

Колледж басшысы

© 2024.

КОНТАКТЫ

8 7292-344-327
8 7292-330-364

Адрес

РК Мангистауская область, город
Актау 17 микрорайон, здание 88