kzruen

Қадырбаева Ұлдай Қуандыққызы

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 34-43-27

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 17 ш/а, 88 ғ.

Директордың ата-аналарды қабылдау уақыты: Әр дуйсенбі 10:00 -12:00

kzruen
Мобилді нұсқа

«Асмет Ұлас» жоғары педагогикалық колледжі» мекемесі

Колледж жаңалықтары

Халықаралық чемпионат ресми түрде бастау алды

Бүгін, 1 маусым күні Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің, Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен «DOSTI Skills Aktau 2025» халықаралық салалық достық чемпионатының ашылу салтанаты өтті. «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өткізіліп жатқан салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі “Талап” коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті С. Татибеков, «DOSTI» ақпараттық орталығының өкілдері, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев, облыстық мәслихат төрағасы Жаңбырбай Матаев, облыстық басқармалардың басшылары, ақпараттық технология саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әлеуметтік серіктес мекемелерінің, партиялардың өкілдері қатысты. Сонымен қатар, аталмыш шарада Австрия, Қытай, Ресей, Сауд Арабиясынан чемпионатқа арнайы келген халықаралық сарапшылар, сарапшылар мен студенттер, сондай-ақ, республиканың өзге өңірлерінен келген компатриот-сарапшылар мен студенттер, колледж басшылары, ата-аналар және мектеп оқушыларынан барлығы 800-ге жуық адам қамтылды. Шараның екінші кезеңінде қонақтар өңірдегі колледж студенттерінің ақпараттық технология саласы бойынша дайындаған көрмесін аралап, студенттерге сәттілік тіледі. Еске сала кетейік, халықаралық чемпионаттың негізгі кезеңдері 2-4 маусым күндері Халық Арена спорт кешеніндегі арнайы жабдықталған құзыреттілік алаңдарында “Электроника”, “Автономды мобильді робототехника” және “Прототиптеу” құзыреттіліктері бойынша жалғасады. Чемпионатқа қатысушы студенттердің кәсіби дағдыларын халықаралық сарапшылар мен бас сарапшшылар саралайтын болады. Барлық чемпионатқа қатысушы жастарға сәттілік тілейміз! Маңғыстау облысы білім басқармасының баспасөз қызметі. 





4 маусым 2025

Мемлекеттік рәміздерімізді ұлықтайық!

Бүгін еліміздің тәуелсіздігі мен рухының символы – Мемлекеттік рәміздерімізді ұлықтайтын маңызды күн! Бұл күн – еліміздің символдары мен болашағымыздың айқын көрінісі. Ұлт рухын әрбір азамат жүрегінде сақтап, елімізге қызмет етуге деген ұмтылысымызды арттырайық!  ...

3 маусым 2025

“MASTER SKILLS KAZAKHSTAN-2025”

Сервис және қызмет көрсету саласы бойынша техникалық  және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында кәсіби шеберлік конкурсының республикалық “MASTER SKILLS KAZAKHSTAN-2025”  өткізілді. Облысымыздың атынан "Асмет Ұлас" жоғары педагогикалық колледжінің атынан...

1 маусым 2025

Халықаралық чемпионат ресми түрде бастау алды

Бүгін, 1 маусым күні Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің, Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен «DOSTI Skills Aktau 2025» халықаралық салалық достық чемпионатының ашылу салтанаты өтті. «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өткізіліп жатқан салтанатты шараға Қазақстан Республикасының...

1 маусым 2025

1 маусым – Балаларды қорғау күні

"АсметҰлас" инновациялық мектеп-гимназиясы оқушылары үшін 1 маусым – Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шара өтті. Шара аясында оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында түрлі ойындар, концерттік бағдарламалар және шығармашылық сайыстар ұйымдастырылды.  "Асмет Ұлас" жоғары...

1 маусым 2025

«DOSTI Skills Aktau 2025» халықаралық салалық достық чемпионатының ашылу салтанаты өтті.

https://youtu.be/RLD88B5bjog  ...

30 мамыр 2025

«Цифрлық кеңістіктегі оқыту: виртуалды құралдармен тиімді әдістер арқылы сабақ процесін ұйымдастыру»

https://youtube.com/shorts/Qv_NiDHRKx4?feature=share  ...

30 мамыр 2025

«Цифрлық кеңістіктегі оқыту: виртуалды құралдармен тиімді әдістер арқылы сабақ процесін ұйымдастыру»

Әдістемелік бөлімнің жоспары бойынша 29.05.25 ж. күні «Цифрлық кеңістіктегі оқыту: виртуалды құралдармен тиімді әдістер арқылы сабақ процесін ұйымдастыру» тақырыбында әдістемелік күн өтті. Әдістемелік күнде арнайы пән оқытушылары Сатанбаева А. У., Бокыбаева Г. С. және жалпы пән оқытушысы Сарбас А....

29 мамыр 2025

Ақтау қаласында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған профилактикалық іс-шара

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасын орындау мақсатында және Халықаралық балаларды қорғау күні аясында «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Ақтау қаласындағы «Асмет Ұлас» колледжінде ішкі істер органдарының бастамасымен кең ауқымды іс-шара өтті. Шара...

27 мамыр 2025

"Тәртіпті өзіңнен баста"

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика жане арнайы  есепке алу жөніндегі Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен "Тәртіпті өзіңнен баста" тақырыбында білім алушылармен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты жасөспірімдер арасындағы қылмыстық құқық...

22 мамыр 2025

"Тәртіпті өзіңнен баста"

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика жане арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен "Тәртіпті өзіңнен баста" тақырыбында білім алушылармен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты жасөспірімдер арасындағы қылмыстық құқық...

21 мамыр 2025

"Қазақтың ұлттық салт-дәстүрі және әлемдік көзқарас" облыстық ғылыми-практикалық семинар-практикум

...

20 мамыр 2025

Кәсіби бағыт - бағдар беру жұмыстары жүргізілуде

Мамыр айының 19 күні Ақтау қаласында орналасқан  #17 және #31 жалпы білім беру мектептеріне колледж мұғалімдері Бокыбаева Г.С. мен Сатанбаева А. У. барып 9 сынып бітірушілерімен кездесіп кәсіби бағыт бағдар берді.  ...

Қадырбаева Ұлдай Қуандыққызы

Колледж басшысы

© 2025.

КОНТАКТЫ

8 7292-344-327
8 7292-330-364

Адрес

РК Мангистауская область, город
Актау 17 микрорайон, здание 88