Шағымдар
Шағымдар жазбаша почта арқылы немесе электрондық түрде не осы порталдың “мекен-жайлар” бөлімінде көрсетілген мекен-жайлар бойынша қызмет көрсетушінің басшысының немесе Министрлік атына кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін қызмет көрсетушінің басшысына немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекен-жайы көрсетіледі;
2) заңды тұлғаның атауы, пошталық мекен-жайы, хаттың шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
ХҚО қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) түскен шағым ХҚО басшысына www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекен-жайлар мен телефондар арқылы жолданады.
ХҚО-ның кеңсесіне қолма-қол, сондай-ақ пошта арқылы түскен шағымның қабылдағанын растау оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымның ілеспе хатында қойылады) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым ХҚО басшысына жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін жолданады.
Қызмет көрсетушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымның қаралу нәтижесі туралы дәлелді жауап почта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жолданады немесе қызмет көрсетушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Көрсетілетін қызметті алушы шағымды портал арқылы жіберген жағдайда «жеке кабинетінде» қызмет көрсетушінің оның өтінішін қарастыруы барысында жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпаратқа (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгі, қаралуы немесе қараудан бас тартылуы туралы жауап) қолжеткізе алады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттiк қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға өз шағымымен жүгіне алады.
Мемлекеттiк қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына көрсетілетін қызметті алушыдан түскен шағым тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметке шағымдану тәртібі туралы қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы Маңғыстау облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бақылау бөлімінде ала алады: 8-(7292) 312863 немесе мына мекен-жай бойынша Ақтау қаласы, 14 мкр. 1 ғимарат.
16 ақпан 2024
Ауыстыру, қайта қалпына келтіру
...
16 ақпан 2024
Стандарт
Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 632 бұйрығына 1-қосымша біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттауданөткізуге құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметстандарты 1. Жалпы ережелер 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан...
16 ақпан 2024
Регламент
Маңғыстау облысы әкімінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 154 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 04шілдеде № 3076 болып тіркелді Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру...
16 ақпан 2024
Мемлекеттік төлқұжат қызметі
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТӨЛҚҰЖАТЫ Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік...
16 ақпан 2024
Стандарт
Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 қарашадағы № 627 бұйрығына 1-қосымша «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау» мемлекеттік...
16 ақпан 2024
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы ...
16 ақпан 2024
Шағымдар
Шағымдар жазбаша почта арқылы немесе электрондық түрде не осы порталдың “мекен-жайлар” бөлімінде көрсетілген мекен-жайлар бойынша қызмет көрсетушінің басшысының немесе Министрлік атына кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті...
16 ақпан 2024
Академиялық анықтама
№ р/р/ Мемле-кеттік көрсетілетін қызметтің коды Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы Көрсетілетін қызметті алушы (жеке және (немесе) заңды тұлға) туралы мәліметтер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты, регламенті ...